"Қоғамдық саясат институты" жүргізген exit poll нәтижесі жарияланды

"Қоғамдық саясат институты" жүргізген exit poll нәтижесі жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 00:30 Сурет: Zakon.kz
Amanat партиясының "Қоғамдық саясат институты" жүргізген exit poll нәтижесі телемарафон кезінде айтылды. Жарияланған деректерге сәйкес, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауалнама бүкіл ел аумағындағы 600-ден астам сайлау учаскелерінде жүргізілді.

Amanat партиясының "Қоғамдық саясат институты" жүргізген exit poll нәтижесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 85,52% дауыс жинады.

"Кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы" қоғамдық бірлестігінің кандидаты Қарақат Әбден - 2,61% дауыс.

ЖСДП партиясының кандидаты Нұрлан Әуесбаев - 1,93% дауыс.

"Ауыл" партиясының кандидаты Жигули Дайрабаев - 2,67% дауыс.

"Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігінің кандидаты Мейрам Қажыкен - 2,43% дауыс.

"Қазақ аналары — дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің кандидаты Салтанат Тұрсынбекова - 1,44% дауыс.

Сайлаушылардың 3,40% - ы "барлығына қарсымын" деген бағанды таңдаған.

Айта кетсек, президенттік сайлауда exit poll тәсілімен Amanat партиясының "Қоғамдық саясат институты", "СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты және "Ашық қоғам" халықаралық өңірлік зерттеулер институты сауалнама жүргізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: