СІМ қазақстандықтардың шетелде қалай дауыс бергенін айтып берді
Сурет: freepik
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың шетелдегі сайлау учаскелеріндегі сайлауға қатысу нәтижеcі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шенеуніктің айтуынша, Сыртқы істер министрлігі кезектен тыс президент сайлауы кезінде Қазақстанның шет елдердегі сайлау учаскелерінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша қызметін аяқтады.
"Шетелдегі қазақстандықтар арасында жоғары сайлау белсенділігі байқалды. Әлемнің 53 елінде жалпы саны 12 841 сайлаушыдан тұратын 68 сайлау учаскесі ашылды".Айбек Смадияров
Ол қазір шетелдегі барлық учаскелік сайлау комиссиясы жұмысын аяқтағанын айтты.
"Қазақстанның 11 360 азаматы дауыс берді. Бұл - сайлаушылардың 88,47%-ы. Ресейде Қазақстан азаматтарының басым бөлігі, 2 600 адам дауыс берді. Түркия сайлаушылар саны бойынша екінші орында - 1 423 адам. Үшінші орында Өзбекстан, 591 адам".Айбек Смайдияров
2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Нәтиже бойынша қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көп дауыс жинады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript