Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау қорытындысы туралы ОСК шешімі жарияланды

кандидаттар, сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 16:54 Сурет: Zakon.kz
«2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қарашадағы Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК жарлығы:

  • Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының сайланған президенті болып саналсын.

  • Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының президенті болып тіркелсін.

  • Тіркелген Қазақстан Республикасының президентіне тиісті куәлік ұсынылады.

Сонымен қатар ОСК 2022 жылғы 26 қарашаны 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ант қабылдау күні деп белгіледі.

Құжатта Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауындағы дауыстарды санау қорытындылары туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тізімге 11 953 465 азамат енгізілгені айтылады. Бірыңғай ұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың саны:

8 278 570 адам дауыс беруге қатысты, оның 13 282-сі сырттай дауыс беру арқылы және 112 969 сайлаушы сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс берді.

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде 6 адам дауысқа түсті.

  • Әбден Қарақат – 206 206 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,60 пайызы;

  • Әуесбаев Нұрлан – 176 116 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,22 пайызы;

  • Дайрабаева Жигули – 271 641 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,42 %;

  • Қажыкен Мейрам – 200 907 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,53 пайызы;

  • Тоқаев Қасым-Жомарт – 6 456 392 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81,31 %;

  • Тұрсынбеков Салтанат – 168 731 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,12 пайызы;

  • «Барлығына қарсы» деген жолдағы белгісі бар сайлау бюллетеньдерінің саны – 460 484 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,80%.

Сонымен қатар қаулыда республиканың барлық аймақтары бойынша дауыс беру деректері де берілген.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес, 1953 жылы туған, қазақ, тұрғылықты жері Астана қаласы, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып есептеледі», - делінген қаулыда.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: