"Талапшыл әрі өте нақты": депутат Асхат Аймағамбетов Әлихан Смайыловтың қандай басшы екенін айтты

"Өте талапшыл": депутат Асхат Аймағамбетов Әлихан Смайыловтың қандай басшы екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 12:49 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты, мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрағасы Асхат Аймағамбетов Әлихан Смайыловты өте талапшыл басшы деп пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер мәжіліс кулуарында бұрынғы министр, қазіргі депутат Аймағамбетовтен Әлихан Смайыловтың қандай басшы екенін сұрады.

"Өзім жұмыс істеген министрлер кабинетіне баға беру, әңгімелеу меніңше, этикалық жағынан мүлдем дұрыс емес. Бірақ жалпы алғанда, ол басшы ретінде өте талапшыл және нақты, дәлдікті ұнатады. Барлық мәселені терең қарастырады. Мәселелерді тиімді шешуге бағытталған деп ойлаймын". Асхат Аймағамбетов

Дегенмен ол бәрі бір премьер-министрдің жұмысы мен шешімдеріне ғана байланысты емес екенін айта кетті.

"Бірақ тұтастай алғанда айтарым: бұл жерде тек бір премьер-министрдің кандидатурасы мен оның шешімдері ғана рөл атқармайды. Былтыр ұкімет деңдейінде министрлерге бірнеше жүздеген өкілеттіктер берілді. Енді біз министрлерден қатал түрде талап етуге толық құқығымыз бар", - деді Асхат Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: