Асхат Аймағамбетов үкімет сенімді ақтамаса, қандай шара болуы мүмкін екенін айтты

Асхат Аймағамбетов үкімет сенімді ақтамаса, қандай шара болуы мүмкін екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 13:22 Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов үкіметтің жұмысы туралы мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер депутаттан "Әлихан Смайылов үміттеріңізді ақтай алмаса, үкіметке сенім білдірмеу туралы үкім шығара аласыздар ма?" деп сұрады. 

"Ондай мүмкіндік бар. Енді оны қазір айтып, болашақты болжай алмаймыз ғой. Қазір заңға сәйкес министрлердің кандидатурасын ұсыну керек. Ол ұсынылған күнде де біз өзіміздің принципиалды позициямызды білдіреміз. Парламент, оның ішінде мәжіліс мүмкіндіктерін, жауапкершілігін қарастыратын заңнама бар. Сол үшін фракция басшылары мұны атап өтті. Егер міндеттелген тапсырмалар орындалмаса, онда фракция да, депутаттар да өзінің нақты позициясын білдіреді", - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.

Ол сонымен қатар қазір үкіметтің деңгейінен министрлерге нақты бірнеше жүз құзірет берілгенін еске салды. Яғни енді министрліктерде нақты шешім қабылдауға мүмкіндіктері бар.

"Біз осы туралы мен өзім министр болған кезде көп айтатынмын. Мүмкіндіктерді біздің деңгейімізге берсеңіздер, оған біз жауап берейік деп айтатынмын. Қазір осы мүмкіндіктер бар. Енді керек болса, әр министрден өте қатаң талап ете аламыз". Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар депутат қазір маңызды болып отырған мәселелерге тоқталды. Оның сөзінше, соның ішінде ең маңыздысы - бюрократизациядан арылу.


"Мен үкіметтің бұрынғы мүшесі ретінде қазір баға беруім этикаға сай емес. Бірақ менің айтатыным: мәселе көп. Олар тиісті деңгейде әлі шешімін тауып жатқан жоқ. Оның түрлі себептері бар. Оның ішінде жүйелі проблемалар да бар. Соның бірі - бюрократия. Мемлекеттік қызметкер болған соң мен көп проблемалар неге ұзақ уақыт шешілмей жатқанын білемін. Ол тек бір адамға байланысты емес, олар жүйелі түрде шешілуі керек. Ол үшін ең жүйелі шешімнің бірі - бюрократиядан арылу. Бір министр шешім қабылдауы үшін бірнеше кезеңнен өтеді, ол біраз уақытқа созылады. Ал министрлік бір нәрсені бір жыл шешетін болса, оның жұмысы қалай тиімді болады? Сондықтан кеше президент те осы мәселеге тоқталды". Асхат Аймағамбетов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: