Депутаттар жыл соңына дейін тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасы туралы заң қабылдайды

Депутаттар жыл соңына дейін тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасы туралы заң қабылдайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 14:09 Сурет: Zakon.kz
11 мамыр күні cенат отырысының кулуарында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Меншік иелері бірлестігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Басқа үйлердегі мәселелер бізде де бар. Өкінішке қарай, тура сол проблемалар, түсініспеу, бәсекелестік біздің үйде де болып тұрады". Мәулен Әшімбаев

Ол Меншік иелері бірлестігі (МИБ) жеткілікті тиімді жұмыс істемейтінін, тұрғындар арасында кикілжіңдер барын атап өтті. Көбіне МИБ жетекшілігіне келген адамдар таза жұмыс істемейді.

"Президенттің тапсырмасы бар. Менің ойымша, алдағы уақытта біз жалпы осы МИБ туралы заң жобасына ораламыз. Бәлкім, кейбір нәрселерді өзгертуге тура келетін шығар. Бірақ нені өзгерту керек екенін адамдармен, тұрғындармен кеңесу керек. Ал бұл жолы тиімді болатын біздің тұрғын үйлерімізді басқарудың қандай да бір түрін қолға алсақ. Біздің келесіде тағы да қате жасауға қазірдің өзінде құқығымыз жоқ. Дұрысын табу өте қиын. Жыл соңына дейін біз осы заңды қабылдауымыз керек".Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы басқа тұрғындар сияқты өзі де осы проблемамен кезігіп жүргенін айтты.



Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: