Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді
Сурет: akorda.kz
25 тамызда Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Президенті қос елдің қарым-қатынасының маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.
"Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын". Қасым-Жомарт Тоқаев
Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін Сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді". Эмомали Рахмон
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылдың 25-26 тамызында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайынан Эмомали Рахмонды қарсы алды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript