Тоқаев пен Рахмон Тәжікстанның тауарлар жәрмеңкесін аралады

Тәжікстанның тауарлар жәрмеңкесі, Қасым-Жомарт Тоқаев, Эмомали Рахмон, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2023 14:22 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі ел басшылары Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне барды. Бұл шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр.

"Мемлекеттер басшыларының назарына дәстүрлі тәжік киімдері, кілемдері, маталары, қыштан жасалған сәндік бұйымдары және музыкалық аспаптар ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидектер, көкөністер, қақталған жемістер мен кондитерлік өнімдер  қойылды", делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің экономикасы бірін-бірі толықтыратынын, сондықтан Тәжікстанның бүгінгі көрме-жәрмеңкесі Қазақстан үшін айтарлықтай қызығушылық туғызатынын атап өтті.

Шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық  кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 25-26 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайында Рахмонды қарсы алды. Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Қос елдің президенттері алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты және Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: