Эмомали Рахмонның Қазақстандағы жұмыс сапары аяқталды

Эмомали Рахмон, Қазақстандағы жұмыс сапары, шығарып салу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2023 17:04 Сурет: akorda.kz
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстандағы жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі әуежайдан шығарып салды. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жұмыс сапары аяқталған Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты", делінген Ақорда хабарламасында.


Эмомали Рахмон, Қазақстандағы жұмыс сапары, шығарып салу, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2023 17:04

Сурет: akorda.kz


Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 25-26 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапарымен келетіні хабарланған болатын. Тоқаев Астана әуежайында Рахмонды қарсы алды. Эмомали Рахмон Қазақстан Президентіне қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. Қос елдің президенттері алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты және Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралады.

26 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон 2022 жылы салынған Астананың Бас мешітінде болып, сондай-ақ Тәжікстанның тауарлар көрмесін тамашалады


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: