Тоқаев Тәжікстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құттықтау жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев, Эмомали Рахмон, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2023 10:02 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонды және тәжік халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.


"Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ынтымақтастық жаңа мән-мазмұнға ие болды және байланыстарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне толық сай келеді", деп жазылған жеделхатта.

Президент бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қазақстан мен Тәжікстанның көпжақты қарым-қатынасы алдағы уақытта екі елдің игілігі мен мүддесі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.

25 тамызда Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға жұмыс сапарымен келді. Елорда әуежайында жоғары лауазымды қонақты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Одан кейін екі елдің көшбасшыларың жеке форматтағы келіссөздері өтті, оның барысында Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлылығы үшін алғыс білдірді.

Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап, ҚР-дағы Тәжікстан Республикасының мәдениет күндерін ашты.

26 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон 2022 жылы салынған Астананың Бас мешітінде, сондай-ақ Тәжікстанның тауарлар көрмесінде болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: