Тоқаев әлемдегі азық-түлік тапшылығы мәселесін шешу жолын ұсынды
Сурет: akorda.kz
Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ мінберінде айтқан бұл ұсынысы ҚР президентінің телерадиокешені әзірлеген "Батыл бастама" фильмінде кеңінен айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзінде былтыр дүниежүзі халқының 10 пайызға жуығы аштықпен бетпе-бет келгенін еске салды. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев мәселені шешудің бернеше жолын ұсынды.
"Өндіріс көлемін және азық-түлік тауарларының экспорты мен импортын қоса алғанда, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратпен еркін алмасу ісін жандандыру қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ ол халықаралық қауымдастықтың азық-түлік дағдарыстарына төтеп беру шараларын қаржыландыруына ашық мониторинг жүргізуді бірлесіп қамтамасыз ету керек екенін алға тартты.
Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан азық-түлік жеткізуші аймақтық хабқа айналуға дайын.
"Ол үшін бізде барлық қажетті ресурс, инфрақұрылым және логистика бар. Еліміз қазірдің өзінде Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 80 пайызға жуығы өтетін сенімді бағыт саналады", – деп түйіндеді сөзін Қазақстан президенті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript