Операторлар 2025 жылдың соңына дейін 5G-ды орнатып үлгере ме

Операторлар 2025 жылдың соңына дейін 5G-ды орнатып үлгере ме, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 13:50 Сурет: pixabay
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Digital Bridge форумы аясында өткен брифингте байланыс операторларының 2025 жылдың соңына дейін 5G-ды енгізуге үлгеріп-үлгермейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағдат Мусин 2023 жылы 700 базалық станция орнату жоспарланғанын айтты.

"Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткіштен озып келеді және жыл соңына дейін мыңнан астам базалық станцияны орнатады. Олар коммуникациялық инфрақұрылымды жеделдетілген қарқынмен инвестициялауға және дамытуға дайын екенін ескере отырып, біздің ұялы байланыс операторларының төтеп беретініне толық сенемін. 2025 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ын қамту керек", - деді министр.

Оның айтуынша, әр облыс орталығында 5G байланысы 2025 жылдың соңына дейін аумақтардың 60%-дан астамын қамтиды.

"Бұл басқа технологиялар жұмыс істемейді дегенді білдірмейді. Біз сонымен қатар 4G инфрақұрылымын нығайту үшін базалық станцияларды ауқымды жаңғырту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар бәсекеге түсу үшін биыл жыл соңына дейін ұялы байланыс операторлары арасында тағы бір радиожиілік функциясы үшін радиожиіліктерге конкурс жариялаймыз", - деді Бағдат Мусин.

12 қазанда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 5G қосылымын мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: