Тоқаев пен Путин Ақордада кездесті

Қазақстан, Ресей президенті, саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 13:55 Сурет: akorda.kz
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысу үшін Ақордаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақордада Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесін қарсы алды. Осыдан кейін Владимир Путин хаттамаға сай, министрлер кабинеті мен президент әкімшілігінің мүшелерімен қол алысты.

Залда екі елдің әнұраны шырқалды. Осыдан кейін президенттер видеобайланыс арқылы форумға қатысуға кіріп кетті.

Ресей Федерациясының басшысы Астанаға ресми сапармен келді. Владимир Путиннің ұшағы 9 қараша, бейсенбі күні таңертең Астана әуежайына қонды.

Бұрын хабарланғандай, сапар барысында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланған. Оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бүгін Қостанай қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады. Форум Астана уақытымен сағат 13:40-та Хабар24 телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: