Елімізде қызылшаны жұқтыру деңгейі Шымкент пен Алматыда жоғары

Елімізде қызылшаны жұқтыру деңгейі Шымкент пен Алматыда жоғары, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 09:48 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында еліміздегі қызылша ауруы бойынша ахуалды баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, қызылша ауруының асқынуы бойынша әлемнің 167 елінде 415 мыңнан астам жағдай тіркелген. Елімізде қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Олардың 82%-дан астамы – балалар. Осы балалардың көбі вакцина алмаған.

Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Жоғары деңгей Шымкент пен Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында байқалады.

"Бүгінде елімізде қызылшамен ауырған науқастарға арналған 3,5 мыңнан астам төсек-орын орналастырылған, стационарлық емдеуде 2375 бала бар. Төсек орын қамту жүктемесі – 59,5%. 1 мыңнан астам орын резервте тұр. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, 1 жасқа дейін – 15 бала бар". Ажар Ғиният

Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында 1 жастан 6 жасқа дейінгі 600 мыңнан астам бала жоспарлы иммундаумен қамтылды, бұл вакцинацияланатындардың 84%-ына тең.

"Жыл соңына дейін осы жас тобындағы 100 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар қызылшаға қарсы вакцинаның қосымша 1,5 млн дозасы сатып алынды. Бүгінде 500 мың доза келіп түсті, желтоқсан айында 1 млн доза жеткізіледі деп жоспарлап отырмыз". Денсаулық сақтау министрлігі

Өз кезегінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов аурудың таралуын тоқтату керек екенін айтты. Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді.

"Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Бала денсаулығы басты назарда болуға тиіс". Әлихан Смайылов

Осы ретте ол вакцина алудың маңызына тоқталды. Смайыловтың айтуынша, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес.


"Сондықтан екпе алуды күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Барлық әкім вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі қажет".ҚР премьер-министрі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: