Тоқаев Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын лауазымынан босатты
Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығын құру туралы" жарлыққа қол қойды.
Сол жылдың ақпан айында президент Жорабаевты жаңа құрылымның басшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript