Денсаулық сақтау министрлігі қызылшадан қайтыс болған балалар туралы айтты

Денсаулық сақтау министрлігі қызылшадан қайтыс болған балалар туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2024 17:16 Сурет: pixabay
10 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері өткен жылдың желтоқсан айында қызылшадан қайтыс болған балалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Әйгерім Оспанованың айтуынша, желтоқсан айында қызылшадан екі бала қайтыс болды.

"Бірінші жағдай Шығыс Қазақстан облысында болды, бала 6 айлық еді. Алғашында ата-анасы баланы жатқызудан бас тартты. Ал екінші рет баланы ауруханаға жатқызып жатқанда жағдайы нашарлап, асқыну байқалды. Өкінішке қарай, біз баладан айырылдық. Бүгінге дейін сараптама жүргізілді. Клиникалық патологиялық зерттеудің нәтижесі қызылша шынымен де өлімге себеп болғанын көрсетті".Әйгерім Оспанова

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, баланың анасы қызылшаға қарсы екпе алмаған, ал бала емшек сүтімен қоректенген.

Екінші жағдайда 4 айлық бала ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, қайтыс болды. Тексеру жүргізіліп, қызылша диагнозы расталды. Бала бөтелкемен тамақтанған.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері 2023 жылдың 28 желтоқсанында Астана мен Шығыс Қазақстан облысында қызылшадан екі баланың қайтыс болғанын хабарлады.

2023 жылдың 14 қарашасында Денсаулық сақтау министрлігі сырқаттанушылықтың өсуіне не себеп болғанын және оның қашан төмендейтінін түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: