БҚДА: "Қазақтелеком" байланыс операторымен бәсекелестікке қарсы келісім жасасты

БҚДА: "Қазақтелеком" байланыс операторымен бәсекелестікке қарсы келісім жасасты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2024 12:57 Сурет: gov.kz
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті заңнаманы бұзу белгілерін, атап айтқанда "Btcom infocommunications" ЖШС арасындағы тік келісімдерді анықтады.

Келісім шарттарының бірінде тек "Қазақтелеком" АҚ-дан телекоммуникация қызметтерін алудың эксклюзивтілігін қамтамасыз ету болған. Атап айтқанда, үшінші тарап байланыс операторларының қызметтерін ұсыну үшін салынған желілер мен телефон желілерін пайдаланбау, сонымен қатар шартты/келісімді/мәмілені өзге байланыс операторларымен жасаспау/бұзбау.

Осыған байланысты Агенттіктің Астана және Алматы қалаларындағы департаменттері "Қазақтелеком" АҚ және "BTcom infocommunications" ЖШС-не ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламалар берді.

Оған сәйкес, олар бәсекелестікке қарсы тік келісімді бұзып, келісімнің жоғарыда аталған ережелерін алып тастауы қажет болды.

Өз кезегінде "Қазақтелеком" АҚ және "BTcom infocommunications" ЖШС Хабарламаны орындады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: