Алматыда өтіп жатқан Әзірбайжан мен Армения келіссөздері процесі аяқталды
Сурет: mfa.am
10-11 мамырда Қазақстанда Әзірбайжан Республикасы (Жейхун Байрамов) мен Армения Республикасының (Арарат Мирзоян) Сыртқы істер министрлері кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келіссөздерден кейін қос тараптың ведомствосы министрлер делимитация бойынша прогресті қолдап, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады деген сипатта тиісті есеп жариялады.
"Министрлер мен олардың делегациялары Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастар туралы екіжақты келісім жобасының ережелер талқысын одан ары жалғастырды. Тараптар ашық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті, олар бойынша әлі де келіспеушіліктер бар".
Сапар барысында министрлер ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жекелей, сондай-ақ екіжақты форматта да кездесті.
СІМ басшылары Армения мен Әзірбайжан арасында келіссөздер жүргізуге мұрындық болғаны үшін қазақстандық тарапқа ризашылықтарын білдірді.
Екіжақты келіссөздер қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript