Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан кез келген қастандық әрі зұлымдық әрекеттерді айыптайды

Телефон арқылы әңгімелесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, Дағыстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2024 18:09 Сурет: akorda.kz
24 маусымда телефон арқылы әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстанда болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Владимир Путинге және Ресей халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті


Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындардың өміріне жасалған кез келген қастандық пен зұлымдық әрекетті Қазақстан батыл айыптайтынын әрі оны халықаралық және өңірлік қауіпсіздікке төнген зор қауіп ретінде қарастыратынын жеткізді.

Тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы күресте тығыз ықпалдастықты жалғастыру, сондай-ақ беделді халықаралық ұйымдар аясында күш-жігер біріктіру маңызды екеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін талқылады. 

24 маусымда белгісіз адамдар Дербенттегі синагога мен шіркеуге оқ жаудырды, сонымен қатар Махачкаладағы ПД бекетіне шабуыл жасады. Салдарынан 15 полиция қызметкері, сондай-ақ бірнеше азаматтық, оның ішінде діни қызметкер қаза тапты. Ресей ІІМ қайтыс болған тәртіп сақшыларының тізімін жариялады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: