Жекелей кездескен Тоқаев пен Бердімұхамедов не туралы сөйлесті

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев,  Гурбангулы Бердімұхамедов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2024 21:37 Сурет: Ақорда
2024 жылы 4 шілдеде Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке түрікмен халқының көшбасшысы ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Президент қазақ-түрікмен ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

"Түрікменстан – бейбітшілікті, қауіпсіздікті, көпжақты ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды рөл атқаратын өте беделді әрі бейтарап мемлекет. Бүгінгі Астанаға сапарыңыздың маңызы айрықша. Ең алдымен, энергетика саласындағы ықпалдастығымыздың нақты мәселелерін талқылау тұрғысынан мәні зор", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ мәдениетінің дәріптелуіне қолдау көрсетіп, Ашхабадта ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш ашқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке алғыс айтты.

Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысуға шақырғаны және Қазақстан астанасында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағы ескерткішінің ашылуына жеке қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

"Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне құрметті қонақ ретінде шақырғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Осы халықаралық құрылымда бейтарап Түрікменстанның пікірін айту мүмкіндігіне ие болдық. Өзіңіз атап өткендей, энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде мол әлеуетіміз бар", – деді Халк Маслахатының Төрағасы.

Сондай-ақ кездесуде өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективалары қарастырылды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесіп, оған "ШЫҰ плюс" форматындағы отырыстың табысты өтуіне конструктивті үлес қосқаны үшін ризашылығын білдіргені хабарланған

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: