Тоқаев жұмыс сапарымен Әзербайжанға келіп жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев, жұмыс сапары, Әзербайжан, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2024 10:02 Сурет: Ақорда
2024 жылы 6 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.

Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Астанада 2024 жылғы 4 шілдеде Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы өтті. Нәтижесінде Астана декларациясы қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: