Тоқаев Арал теңізі туралы: Түркі елдері ғалымдарының ықпалдастығын жандандыратын кез келді

Арал теңізі, экологиялық мәселе, Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан, ТМҰ бейресми саммиті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2024 14:51 Сурет: flickr/NASA
2024 жылы 6 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөйлеген сөзінде Каспий және Арал теңіздеріндегі экологиялық мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігер қажет екеніне назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Каспий теңізінің логистикалық әлеуетін арттыру маңызды дедік. Бірақ ондағы экология мәселелерін де назардан тыс қалдырмау қажет. Мысалы, өзекті түйткілдің бірі – теңіздің тартылуы. Оның қоршаған ортасын, флорасы мен фаунасын қорғау да – аса маңызды міндет. Каспийді құтқару үшін нақты шешімдерді пысықтау керек. Осы ретте, түркі елдері ғалымдарының ықпалдастығын жандандыратын кез келді. Сонымен қатар Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, бүгінгі басқосудың маңызды мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік бергенін атап өтіп, осындай кездесулер түркі әлемінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға және бауырластық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі төрағасы ретінде оның қызметі барынша тиімді болғанын қалайтынын айтқан еді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қаржы саласындағы байланысты нығайта түсу керектігін, осы ретте Түркі орталық банктерінің кеңесін құру қажет екенін айтты.

Оған қоса Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейрсеми саммитінде жасанды интеллектінің көмегімен "Үлкен тілдік түркі моделін" әзірлеуді ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: