Бүгін Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі
Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 2 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек, президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ телеграм арнамыздан мәтін түрінде трансляция жүреді.
"Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады", — деп хабарлады Ақорда.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript