Қ.Тоқаев моно-қалаларға дем беру үшін шаралар қабылдауды тапсырды
Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында моноқалаларға дем беру үшін қандай тәжірибені қолдану керек екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет.
"Үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасады. Онда терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды". Мемлекет басшысы
Артынша, Тоқаев Қарағанды облысында болғанын, сол кездегі "Qarmet" металлургия комбинатынадағы жұмыс сапарына тоқталды.
"Отандық инвестор келген соң, ондағы ахуал едәуір тұрақталды. Кәсіпорын жаңғыртыла бастады. Бұл қадам өндірілетін өнім көлемін айтарлықтай арттыруға тиіс. Саран қаласының экономикасын әртараптандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда автокөлік доңғалағын және тұрмыстық техника шығаратын өндірістер іске қосылды. Соның арқасында бұл елді мекен моноқалалар санатынан шығарылды". Қасым-Жомарт Тоқаев
Ол моноқалаларға дем беру үшін осы тәжірибені қолдану қажет екенін баса айтты.
Жалпы, аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керек.
"Биыл арнайы Жарлықпен Алатау қаласы құрылғанын білесіздер. Бұл қала қарқынды дамитын, инновация кеңінен қолданылатын әрі білікті мамандар жұмыс істейтін орынға айналуы қажет. Үкімет онда жайлы өмір сүріп, табысты еңбек етуге, инвестиция салуға қолайлы жағдай жасауға тиіс". Президент
Тоқаев автокөлік құрастыру ісіндегі оң нәтижелер бар екенін де жасырмады. Осы қарқынды сақтап, жергілікті өндіріс көлемін ұдайы арттыру керек. Мемлекеттің автокөлік өнеркәсібіне көрсетіп жатқан жан-жақты қолдауы түптің түбінде толыққанды автокөлік құрастыру кластері ретінде елдің игілігіне айналуы қажет.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript