Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты мәселелерді талқылады

Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты мәселелерді талқылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 16:58 Сурет: pxhere
Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз қырық үшінші отырысы өтті. Бұл туралы 2024 жылғы 4 қарашада ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесудің Алматыда 2024 жылғы 28 қазан — 1 қараша аралғында өткендігі белгілі болды.

"Тараптар мемлекеттік шекара сызығының әртүрлі учаскелерінде оны белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады, демаркациялаудың қорытынды құжаттарының тиісті жобаларын, сондай-ақ 2025 жылға арналған Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясы жұмысының және камералдық жұмыстардың жоспар-кестелерін бекітті".ҚР СІМ баспасөз қызметі

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы желтоқсан айында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.

Бұған дейін Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылағандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: