Мемлекеттік кеңесші Қазақстан-Ресей медиа форумына қатысты

Флаги России, Российской Федерации, РФ и Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2024 20:17 Сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Мәскеу қаласында 18 қарашада Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігінің құрылғанына 120 жыл толуына орай "Ресей-Қазақстан: БАҚ-тың өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелері" атты медиа форумы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Президент телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева және еліміздің ірі медиахолдингтері мен БАҚ жетекшілері арнайы барды.

"Форумға РФ Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Ресей Президентінің Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрінің орынбасары Бэлла Черкесова, ТАСС ақпарат агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашов, ТАСС ақпарат агенттігі басшысының бірінші орынбасары Михаил Гусман, "Ресейдің қоғамдық телевидениесі" АКЕҰ бас директоры Виталий Игнатенко, «Вечерняя Москва» газетінің бас редакторы Александр Купрянов және Ресейдің басқа да ірі бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері қатысты", делінген хабарламада.

Ерлан Қарин өз сөзінде ТАСС ақпарат агенттігін мерейтойымен құттықтап, аталған БАҚ-тың әлемдегі беделі, оның ұжымы мен басшылығының кәсіби біліктілігі жоғары екенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, осы медиа форум – Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, одақтастық пейілдегі қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі.

Сондай-ақ Ерлан Қарин екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін ТАСС ақпарат агенттігінің бас директоры Андрей Кондрашовқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

Басқосуда тараптар бұқаралық ақпарат құралдары арасында бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыру жоспарын талқылап, саланы дамытуға, оған цифрлы технологияларды енгізуге және басқа да өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: