Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға келеді

Владимир Путин 27 қарашада Қазақстанға  келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 17:06 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстанға сапары туралы 7 қарашада белгілі болды. Сонымен қатар, Астанада жоғары деңгейдегі қонақтарды қабылдауға дайындалуда. Мәселен, 25 қарашада Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындарына 2024 жылғы 27-28 қарашада елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде көлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін ескертті. 27 қарашада ҚР Қарулы күштері авиациясының Астана көгінде ұшулары жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: