Қасым-Жомарт Тоқаев: Бүгін өте маңызды құжаттарды қабылдаймыз

Келіссөз, Қасым-Жомарт Тоқаев, Астана, Владимир Путин, шағын құрам, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2024 19:21 Сурет: akorda.kz
27 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қазақстанға сапармен келуге шақыруын қабыл алғаны үшін Владимир Путинге алғыс айтты.

"Бұл стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа берік негізделген мемлекетаралық қарым-қатынасымыздағы өте маңызды оқиға екені сөзсіз. Сіздің қазақстандық ақпарат құралдарында жарияланған бүгінгі мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Ал менің мақалам Ресей баспасөзінде жарияланды. Біз болашаққа бағытталған екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі көшелі ойларымызды жан-жақты жеткіздік. Өз мақаламда Қазақстан осындай күрделі кезеңде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін және алдағы уақытта да бұл бағыттан айнымайтынын атап өттім", – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей екіжақты серіктестіктің оң қарқынын сақтап қана қоймай, оны еселей түскен.


"Сіздің бүгінгі сапарыңыздың күн тәртібі өте ауқымды. Сапар қарсаңында Үкімет мүшелері кездесіп, біз талқылайтын барлық мәселені пысықтады. Бүгін өте маңызды құжаттарды қабылдаймыз. Бұл 20 келісімнен тұратын құжаттар біздің тату көршілік және серіктестік рухындағы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға тың серпін береді", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, 27 қарашада кешкісін Астанада әуежайдан Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген РФ президенті Владимир Путинді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: