Қазақстан суретшісі өзі салған "Достық көпірі" картинасын Путинге сыйлайтын болды
Сурет: Telegram/ptrkkz
Кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған "Достық көпірі" атты картинасын Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің басшыларына көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол мемлекеттер басшыларына сурет салуына үлес қосуды ұсынды. Содан кейін ол картинаны Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартуды уәде етті.
Бұған дейін Владимир Путин 27 қарашада Астанаға ұшып келгені хабарланған болатын.
Қазақстан президентінің мақаласы "Известия" газетінде, ал Ресей президентінің мақаласы "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript