Тоқаев Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты

Доха форумы, Қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2024 13:31 Сурет: Ақорда
7 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл "Диалог, дипломатия және алуантүрлілік" (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды.

Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады.

Айта кетсек, бүгінгі күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік іс сапармен Қатар елінде жүр. 6 желтоқсанда Қатарда Президент Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдап, Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджримен де кездесті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: