Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхат, Қасым-Жомарт Тоқаев, құттықтау, Сердар Бердімұхамедов, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2024 19:06 Сурет: Ақорда
2024 жылы 13 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 29 жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті жеделхатында Түрікменстанның табысты жүргізіп отырған бейтараптық саясаты елдің халықаралық аренадағы беделін биіктетіп, зор құрметке бөлегенін атап өтті.

"Қазақстан мен Түрікменстанды сан ғасырдан тамыр тартатын берік достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қарым-қатынас байланыстырады. Бауырлас екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік нығая түсіп, қарқынды дамып келеді. Біз мұны жоғары бағалаймыз, деп Ақорданың баспасөз қызметі құттықтау сөздерін келтіреді. 

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентінің жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: