Атырау облысында Индер ауданының әкімі ауысты

Серік Нысанбаев, Атырау облысы, Индер ауданы, әкім, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 19:05 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Нысанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды 18 желтоқсанда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің "құқықтану" мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

  • 2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы;
  • 2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;
  • 2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы;
  • 2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: