Қазақстандағы Италия елшісі қызметінен кетті

Италия елшісі, Марко Альберти, қызметінен кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2024 14:41 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
2024 жылы 21 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталған Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альбертиді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөздер барысында министрдің орынбасары итальяндық елшіге Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігін нығайтуға жұмсаған күш-жігері үшін шынайы ризашылығын білдірді.

"Елшінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға биылғы қаңтардағы ресми сапарын ұйымдастыруға және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылдан бастап 10 млрд АҚШ долларынан 17 млрд АҚШ долларына дейін өсті", делінген ҚР СІМ хабарламасында. 

Елшінің Италия Үкіметі мүшелерінің Қазақстанға сапарларының жүзеге асырылуы, Алматыда Италия мәдениет орталығының ашылуы, жоғары білім саласындағы белсенді диалогтың арттырылуы, Италия мен Қазақстан арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сияқты және басқа да бірқатар маңызды бағыттардағы жемісті қызметтері де аталып өтті.

Марко Альберти қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі ҚР Президентінің алғысымен және "Барыс" төсбелгісімен марапатталды.

Өз кезегінде итальяндық елші қазақ тарапына тұрақты қолдауы мен жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігі одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Василенко сұхбаттасушысына алдағы қызметінде табыс пен жаңа биіктерге жетуін тіледі.

Айта кетсек, Италия Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі болып табылады (2023 жылғы сыртқы сауда айналымындағы үлесі – 14,4%). 2024 жылғы қаңтар-қазан айларында екіжақты тауар айналымы 17,4 млрд АҚШ долларына жетті (экспорт – 16,4 млрд., импорт – 1 млрд.). 2005 жылдан бері Италиядан Қазақстанға 7,6 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция құйылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: