Қазақстан командасы жеңіске жетіп, Ұлттар лигасының жоғары дивизионына жолдама алды

Астана Арена, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2022 22:11 Сурет: Instagram/kff_team
УЕФА Ұлттар лигасы-2022 топтық кезеңі аясында "Астана Арена" стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы Беларусь командасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан футболшылары өз жанкүйерлерін бірінші болып қуантты. 29-шы минутта қорғаушы Михаил Габышев гол соқты. Бірақ Беларусь командасы бірінші таймның аяқталуына бірнеше секунд қалғанда нәтижені теңестіріп кетті. Осылайша Павел Савицкий өз шеберлігін байқатты.

Екінші тайм алаң иелерінің үздіксіз шабуылдарынан басталды, гол соғу мүмкіндіктері де аз болмады. Осындай сәттердің бірінде, 70-ші минутта мәскеулік ЦСКА-ның қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов тамаша гол соқты.

Осылайша, 2:1 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет Ұлттар лигасындағы өз тобынан суырылып шығып, жоғары дивизионға көтерілуге мүмкіндік алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: