"Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі: Темір Жүсіпов пен Сағындық Тоғамбай жеңіске жетті

Сағындық Тоғамбай, бокс, Ұлы Жібек жолы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 10:12 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Бакуде бокстан "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күні екі жерлесіміз жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан атынан алғашқы болып шаршы алаңға шыққан 48 келідегі Теміртас Жүсіпов турнир қожайыны Турал Сариевті жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал Сағындық Тоғамбайдың шаршы алаңдағы қозғалысы 48 келінің боксшылары секілді жеңіл, ал соққысының қуаты аса ауыр салмақтың алыптарыныкі секілді жойқын. Бакудегі халықаралық турнирдің алғашқы айқасында әзірбайжандық Фуад Джафаровпен кездескен ол 92 келі салмақ дәрежесіндегі жерлесіміз қарсыласын екінші раундта төмпештеп соғып, техникалық нокаутпен жеңді. Джафаровты ауыр нокауттан төрешінің араласуы ғана сақтап қалды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.


Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы сапындағы Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын ерте аяқтады.

Алда Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Бекзат Таңатар (86 келі) сынды спортшыларымыз шаршы алаңға шығып, өз бағын сынайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: