Бакудегі турнирде Талғат Сырымбетов венгриялық қарсыласын нокдаунға жіберді

Талғат Сырымбетов, Баку, бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 18:02 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы жібек жолы" халықаралық бәсекесі өз жалғастығын табуда. 25 наурызда шаршы алаңға Қазақстан атынан шығуы тиіс үш боксшының бірі бағын сынап, айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 60 келі салмақ дәрежесіндегі Талғат Сырымбетов Бакудегі бәсекені тамаша бастады.


"Талғат спорттық тұрғыда шаршы алаңда қу боксшы. Кейде ринг ортасын қарсыласына әдейі беріп қойып, өзі оны айналшықтап жүріп ұруға тырысады. Венгриялық Марк Адольф Балоқпен кездескен ол қарсыласын еш қиындықсыз жеңді, тіпті, қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберді. Осылайша жерлесіміз жартылай финалға жолдама алды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, "Ұлы Жібек жолы" турнирінің бүгінгі екінші күні - 25 наурызда шаршы алаңға Қазақстан атынан үш боксшы шығатыны хабарланған. Ал кеше екі отандасымыз жеңіске жеткен болатын

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: