Футболдан "Астана" командасы "Атырауды" жеңіп, турнир кестесінде көш бастады
Сурет: Instagram/fca.astana
Елордалық "Астана" Қазақстан Премьер-лигасы командалары арасындағы ел чемпионатының кейінге қалдырылған 17-турында "Атырауды" әупірімдеп ұтып, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда өткен ойын барысында алғашқы голды атыраулық команда соқты. Оны 25-минутта Игорь Стасевич орындады. Бірінші кезеңде "Астананың" есепті теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.
Екінші таймда елордалық команда белсенділік танытты. Нәтижесінде Бранимир Калаициа 67-минутта мергендік танытса, Назми Грипши 85-минутта пенальтимен өз командасын алға шығарды.
Дегенмен 97-минутта атыраулық футболшы Олжас Керімжанов таразы басын теңестірді. Тек 102-минутта Бранимир Калаициа 11 метрлік айып соққысын сәтті орындап, "Астана" жанкүйерлерін қуантты.
Осылайша елордалық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. "Астана" еншісінде 43 ұпай болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript