Сноубордтан 2023 жылғы Универсиада чемпионы Альпі тауында қазаға ұшырады

Сноубордтан 2023 жылғы Универсиада чемпионы Альпі тауында қайғылы қазаға ұшырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2024 09:56 Сурет: Instagram/sophiehediger
Швейцариялық сноубордшы, Әлем кубогының екі дүркін жүлдегері Софи Хедигер Альпі тауларында жаттығу жасап жүрген. Кенеттен қар көшкіні жүріп спортшы сонда көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Швейцария шаңғы федерациясының мәліметінше, қайғылы оқиға Арозада (Швейцария) болған. 2023 жылы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өткен Универсиаданың жеңімпазы атанған 26 жастағы Софи Хедигер басқа спортшының сүйемелдеуімен жабық жолда жаттығып жүрді.

Бір кезде сноубордшылар баурайдан кетіп бара жатқанда, Софи еңіс үстінде қар көшкіні астында қалып қойды.

Софи Хедигер сноуборд кросс бойынша жарысты. Ол екі рет әлем чемпионатының жүлдегері атанып, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсетті.

Бұл атақты спортшылардың қайтыс болуы бірінші рет емес. Екі ай бұрын 36 жастағы итальяндық серфингші Джулиана Манфрини жаттығуға келген Индонезиядағы аралда семсер балықтың шабуылынан қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: