Қазақстанда сим-картаны тіркеу кезінде биометриялық тексеруден өту міндеттелмек

Сим-карта, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 22:33 Сурет: pixabay
Қазақстандықтар енді қалағанынша сим-карта ала алмайды. Әр нөмірдің иесі биометриялық тексерістен өткізіліп қана тіркелуге тиіс. Өйткені соңғы уақытта шетелден түрлі нөмірмен хабарласып елдің мазасын алатын алаяқтар көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нөмір тіркелмегендіктен, оларды табу да оңай емес. Алаяқтар тіпті цифрлық даму министрін де жиі мазалайды екен, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Иә, маған да алаяқтар хабаралсады. Бірақ мен өте қарапайым тактика қолданамын. Алаяқ екенін білген бойда, оларға қазақша жауап беремін. Амалсыздан телефонын қоюға мәжбүр болады. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Алаяқтар көбіне қазақстандық жүздеген нөмірді сатып алып шетел асып кетеді. Сөйтіп роумингке қосылып, түрлі жымысқы әрекетін жүзеге асырады. Банктердің атын жамылып несие алдыртады немесе «заттай сыйлық ұтып алдыңыз» деген сылтаумен қарызға батырады. Ал бұл қоңыраулар шетелден түскеннен кейін қолға түсіру қиын.

Қазір құзырлы мекемелер мен жекеменшік операторлар бірігіп алдын алу шарасын жүргізіп жатыр. Өйткені алаяқтар ұялы телефонды қойып, үй нөміріне де хабарласа бастаған. Сондықтан бұдан былай жаңа сим-карта аларда немесе нөмірді тіркегенде, міндетті түрде биометриялық ақпарат сұралады. Адамның бет-жүзі сканерден өткізіліп, анықталады. Бұл талап ескі нөмірлерге де қатысты.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: