Бағдат Мусин "TikTok-тың" қазақшалануы туралы: Бұл шынында да қуанышты жаңалық
Сурет: primeminister.kz
"TikTok" әлеуметтік желідегі қосымшасын қазақ тіліне аударғаны белгілі болды. Осыған қатысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр өз пікірімен Facebook-тегі парақшасында бөлісті.
"Бүгін “TikTok” компаниясы әлеуметтік желідегі қосымшасының қазақ тіліне аударылғаны туралы ақпаратымен бөлісті. Бұл шынында да қуанышты жаңалық. Қазіргі уақытта елімізде қазақ тілді қолданушылар санының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Танымал қосымшаның мемлекеттік тілге көшуі қолданушылар үшін ыңғайлы болып қана қоймай, ана тіліміздің әлемдік деңгейде сұранысқа ие екенін мойындатып отыр". Бағдат Мусин
Сондай-ақ ол 2022 жылы Digital Bridge форумы аясында “TikTok” компаниясының басшылығымен кездесіп, екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылағанын да еске алады.
"Осының негізінде Astana Hub пен TikTok арасында арнайы Меморандум бекітіліп, оның нәтижесінде қазақстандық стартаптар үшін эксклюзивті білім беру бағдарламасы — TikTok StartUp Academy жобасы іске қосылды. Жоба аясында қазақстандық стартаптар үшін оқыту курстары өткізіліп жатыр". Бағдат Мусин
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript