Дәурен Абаев: Мәселе тек қайта вакциналау мерзіміне қатысты болған
zakon.kz/ Павел Михеев
Ол Денсаулық сақтау министрлігі мәселенің барлық қыр-сырын ескеріп, азаматтарға барлығын анық-қанық түсіндіруі маңызды екенін айтты.
Қайта вакциналауды бастау тек уақыттың еншісіндегі мәселе болатын, - деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Открытый диалог 2.0" бағдарламасының эфирінде ол қайта вакциналау мерзімі туралы мәселе болғанын, ал оның қажеттілігі туралы мәселе қозғалмағанын жеткізді.
Бұған осы мәселеде әлем бойынша алға ілгерілеген Израильдің тәжірибесі дәлел бола алады. Айтқандай, ол жақта, статистикаға сәйкес, қайта вакцина алғандардың коронавирусқа шалдығу ықтималдығы 20 есе аз. Енді, әрине, Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық тәжірибеге сәйкес, ДДҰ ұсынымдарымен қайта вакциналаудың барлық алгоритмін нақты сипаттайтын болады. Бірінші, бәлкім, басты мәселе - бірінші және күшейткіш иммундау арасындағы аралық уақыт жайы. Екінші мәселе: осының барлығын өндіру үшін қандай вакциналарды таңдаған дұрыс. Үшінші мәселе: "Ashyq" қосымшасы қалай жұмыс істейді, "жасыл" мәртебе күшін жояды ма және тағы басқасы, - деді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.Ол Денсаулық сақтау министрлігі мәселенің барлық қыр-сырын ескеріп, азаматтарға барлығын анық-қанық түсіндіруі маңызды екенін айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript