Мусин «Зерде» холдингін таратып жіберуді ұсынды

"Зерде" холдингі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 17:46 Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Зерде» холдингін тарату туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
«Зерде» тобын реформалау бойынша жұмыс жылдың басында басталған болатын. Оның бірі жүйелік интегратордың қызметі Цифрлық үкіметті қолдау орталығына берілді. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин

Министр инновацияларды дамытудың бірыңғай экожүйесін құру мақсатында QazInnovations агенттігі мен Astana Hub технопаркін бір ұйымға, яғни «Инновациялық технологиялар паркінің» құрамына біріктіру арқылы оңтайландыруды ұсынды.

Ал Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-ны тікелей Цифрлық даму министрлігінің қоластына беріп, «Зерде» холдингін таратып жіберу ұсынылады. Бағдат Мусин

Ол холдингтің жобаларды іске асыру бойынша тиісті материалдарын құзырлы органдар қарап, зерделейтінін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: