Мектептегі төрт пән бойынша оқыту сағаттары ұлғайтылады
Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің отырысында Білім министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау аясында қабылданатын шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство басшысы Президенттің жаратылыстану-математика және тіл пәндеріне басымдық беруді тапсырғанын еске салды.
Математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттары артады. Оқу бағдарламалары жаңартылады. 2024 жылдан бастап халықаралық тәжірибеге сәйкес, 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту бойынша сағаттар санын ұлғайту және қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады. Асхат Аймағамбетов
Сондай-ақ, оның айтуынша, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында Мемлекет басшысы жалақыны көтеру және тәрбиешілердің жұмыс жүктемесін азайту үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда бір педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақы 147 мың теңгені құрайды, бұл - республика бойынша орташа жалақы көлемінен төмен көрсеткіш. Егер кезекте тұрған балалар саны бойынша есептесек, онда екі жастан алтыға дейінгі балаларды қамту балалардың жалпы санының (57,68%) 88%-ын, үш жастан бастап алты жасқа дейінгі балаларды қамту – 98%-ын құрайды. Сондықтан Президенттің тапсырмасы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, олардың жалақысы арттырады. Асхат Аймағамбетов
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасын қабылдауды тапсырды. Министр ұлттық жоба аясында 2025 жылға қарай 800 мыңнан астам оқушы орны іске қосылатынын, бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешетінін жеткізді. "Жайлы мектеп" жобасы аясында құрылыс пен жарақтандырудың бірыңғай стандарты жұмыс істейтін болады.
Жоба аясында ашылған мектептер заманауи пәндік кабинеттермен толық қамтамасыз етіледі. Жаңа мектептерде оқу алаңы ұлғайтылады. Бастауыш және жоғары сыныптар үшін жеке блоктар да қарастырылған. Тиісінше, олар жеке спорт залдар мен асханалармен қамтамасыз етіледі. Келесі жылы бұрын болмаған көлемде мектептердің құрылысы басталады. Мысалы, тек біздің елордамыз бойынша келесі жылы осы жоба аясында біз 20 жаңа мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз, олардың әрқайсысы 2 мың орынға есептелген. Президенттің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік осал отбасы балалары мектеп формасымен тегін қамтамасыз етіледі. Асхат Аймағамбетов
Сондай-ақ балаларды оқытуға бюджеттен бөлінетін қаражат түсетін білім беру шоты енгізілетін болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript