Дәурен Абаев "Еуразия" кинофестивалі төңірегіндегі резонансқа жауап берді
Сурет: amanatpartiasy.kz
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өткен фестивальге жұмсалған шығын 900 миллион теңге екенін, биыл министрлік шығынды екі есе қысқартқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев министрлікке БАҚ өкілдерінен 450 миллион теңгеге "Еуразия" кинофестивалін өткізуге байланысты сұраныстар түсе бастағанын айтты.
"Алдыңғы фестиваль 900 миллионға өтті, яғни біз шығынды екі есе қысқарттық. Сонымен қатар фестивальдің жүйелі түрде өткізілмеуі кинопродюсерлердің халықаралық қауымдастықтың аккредитациясынан айырылуымен байланысты".Дәурен Абаев
Министр мәдениетті қалдық негізінде қаржыландыруға қарсы екенін айтты. Дәурен Абаев елде көптеген мәселе бар екеніне келіседі. Бірақ бұл "адамдар ойлағаннан да көп пайда әкелетін ірі мәдени іс-шараларды өткізу қажет екенін жоққа шығармайды" деді ол.
22 қарашада Мәдениет және спорт министрлігі ашық конкурссыз "Techservice OKNO-TV.KZ" ЖШС-мен "Еуразия" кинофестивалін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойғаны белгілі болды. Бұл жаңалық қоғамда кең талқыға түсті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript