"Біз солдат сияқтымыз": Министрлер сайлаудан кейін үкіметте қалатын-қалмайтыны туралы айтты

"Біз солдат сияқтымыз": Министрлер сайлаудан кейін үкіметте қалатын-қалмайтыны туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 12:40 Сурет: Zakon.kz
14 наурызда Қазақстан үкіметінің отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев сайлаудан кейін үкімет құрамын өзгертуге қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Ербол Қарашүкеевтен эмоциясын бөлісуді өтінді. Өйткені заң бойынша сайлаудан кейін қазіргі құрам отставкаға кетуге міндетті.

"Эмоция жоқ, жұмыс істеу керек. Бұл біздің құзырымыз емес. Ел басшылығы өз бетінше шешеді, үкіметтің әр мүшесін өзінше бағалайды".Ербол Қарашүкеев

Дәл осындай сауал Бағдат Мусинге де қойылды.

"Саяси қызметте жұмыс істейміз. Бізді президент тағайындайды, мәжіліс келіседі. Келесі үкіметті де президент тағайындайды. Біз солдат сияқтымыз. Тағайындаса, жұмыс істейміз. Тағайындамаса, өз ісімізбен айналысуды жалғастырамыз. Мен өзіме де, өзім басқаратын министрлікке де баға бере алмаймын".Бағдат Мусин

Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау 19 наурызға белгіленген.




Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: