15 жасар жерлесіміз джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Сурет: Facebook/rscatyrau
Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында атыраулық Болашақ Сүйекенов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Болашақ Сүйекенов әлем чемпионатында 38 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Сурет: Facebook/rscatyrau
Әлем чемпионатына қатысу тынымсыз дайындықты, қажырлы еңбекті, жеңіске деген ұмтылысты қажет етеді. Спортшыларымыз қатысып, нәтижелерін көрсетіп жатыр. Жарыстар жоғары деңгейде өтіп жатыр, – деді ол.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жекелей сында көш бастады.
Абу-Дабидегі джиу-джитсудан әлем чемпионаты 2022 жылы 28 қазанда басталып, 8 қарашаға дейін жалғасады. Оған 65 елден 1,5 мың спортшы қатысып жатса, елімізден 28 спортшы барды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript