Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизаветаның есімі беріледі

II Елизавета, Астана, парламент, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 17:44 Сурет: pixabay
Астананың Орталық саябағындағы гүлзарлардың бірі Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның атымен аталады. Бұл туралы ҚР парламенті сенатының спикері Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Парламент cенатының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәулен Әшімбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің патшайымы ІІ Елизаветаны мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысты.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі бойынша жақын арада Астананың орталық саябағындағы гүлзарлардың біріне ІІ Елизавета патшайымның есімі беріледі.Мәулен Әшімбаев

Бұл туралы ол король III Чарльзбен сөйлескен кезде айтты.

Ұлыбритания монархы мұрагер ханзада ретінде 1996 жылы Қазақстанға жасаған сапарын еске алды. Сондай Король Патшайымның қазасына байланысты ықылас танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына игі тілектері мен ілтипатын жеткізді.ҚР парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: