Гурбангулы Бердімухамедов Конституцияны қайта өзгерту жөнінде ұсыныс тастады

Түрікменстан, Халк Маслахаты, Гурбангулы Бердімухамедов, Межлис, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2023 10:27 Сурет: pixabay
Түрікменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, Хал Маслахатына (Халық кеңесі) көбірек өкілеттік беру ниеті барын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түрікменстан Халық Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Конституцияны тағы да өзгертуді, бір палаталы парламентті қайтаруды және  Халк Маслахатын (Халық кеңесін) 2020 жылғы өзгеріске дейінгідей қайтадан жоғары өкілді органға айналдыруды ұсынды, деп жазды "Туркменистан: золотой век".

Бұл ұсынысты 11 қаңтарда Милли Генгештің (парламент) қос палатасы мүшелерінің бірлескен отырысында үлкен Бердімұхамедов айтып, бұл ұсынысын ол "заң шығарушы органды уақыттың нақты талабы негізінде жетілдіру" қажеттігімен түсіндірді.

Халк Маслахаты құрамына Гурбангулы Бердімұхамедов, оның ұлы Сердар, Межлис басшысы, Жоғарғы сот төрағасы, бас прокурор және т.б.кіреді.

Халк Маслахаты Түрікменстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді мақұлдап, сыртқы және ішкі саясатының бағыттарын, елдің даму бағдарламаларын бекітіп, қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелерін мақұлдай алады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: