ҚМДБ Әл-Ақса мешітіндегі қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ Әл-Ақса мешітіндегі қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 14:40 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітінде болған қақтығысқа алаңдайтынын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейірім мен шапағат, бірлік пен игілік айы болған қасиетті Рамазан айы кезінде киелі әл-Құдыстағы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын әл-Ақса мешітінде болған қақтығысқа қатты алаңдаушылық білдіреді және күрделі мәселенің оң шешімін табуын тілейді", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

ҚМДБ қасиетті Рамазан айында Алланың мейірімінен үміт етіп, мешітте құлшылық жасап жатқан мұсылмандарды күшпен қудалап, олардың өмірі мен денсаулығына зиян тигізіп жатқан тараптың іс-әрекетін қатаң айыптады.

"Алла Тағала қасиетті Құранда: "Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз. Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін де көруші)" («Исра» сүресі, 1-аят) деп баяндайды. Бұл аят әл-Ақса мешітінің мұсылман әлемі үшін қаншалықты қасиетті әрі ардақты екенін айғақтайды". ҚМДБ

Діни басқарма еліміздегі барша мұсылманды қасиетті айда қасиетті мекеннің тыныштығы мен сол жердегі мұсылман бауырларымыздың бейбіт өмірі үшін дұға жасауға үндейді.

"Алла Тағала қасиетті әл-Ақсаның бейбітшілік пен амандықта болуын нәсіп етсін! Раббымыз жер бетін түрлі бүлік пен қантөгістен сақтағай! Әмин!" - деп тілек білдірді ҚМДБ.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: