"Айт" сөзі қандай мағынаны білдіреді

"Айт" сөзі қандай мағынаны білдіреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 13:14 Сурет: Zakon.kz
21 сәуір күні күллі мұсылман қауым Ораза айт мерекесін тойлап жатыр. Рамазан айы аяқталып, ораза тұтқан жандар аузын ашып, бір-біріне айттайды. Осы "айт" сөзі қандай мағына беретінін Zakon.kz іздеп көрді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтының дерегінше, Ораза айт – сый мен сияпатқа, құрмет пен нығметке, шексіз сауапқа бөленетін сәт.

Бұл туралы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) "Ораза айт күні періштелер жер бетіне түседі де әр жолдың басында тұрып, "Уа, мұсылман қауымы, Раббыларыңа асығыңдар! Сендер түнді намазбен, күндізді оразамен өткізуге бұйырылғанда амал етіп, Раббыларыңа бойсұнғандарың үшін Алла сендерді үлкен сауап пен толассыз нығметке бөлейді. Сол үшін өздеріңе тарту етілген сыйлықтарыңды алыңдар" деп дауыстайды. Ал ораза айт намазын оқып болғаннан кейін бір періште адамдарға былай дейді "Шүбәсіз жаратқан Раббыларың күнәларыңды кешті. Үйлеріңе Алланың жолынан адаспаған күйде оралыңдар! Расында бұл күн жер мен аспан әлемінде сый-сияпатқа кенелу күні деп аталады" деген.

Осындай жер мен аспан әлемінде сый-сияпатқа кенелу күнінде Ораза айт мерекесі атап өтіледі. Мұндағы "айт" сөзі "мерекелеу", "хәл сұрасу", "бір-бірін қуанту", "қуанышқа топталу" деген мағыналарды білдіреді.

"Исламдағы ұлық мейрамдар мұсылман қауымының, барша адамзаттың жүрегіне қуаныш сыйлауға үндейді. Айт күні отбасын, ағайын-туысты, көмекке мұқтаж адамдарды, қарттар мен қараусыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуандырудың сауабы мол", - деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің құттықтауында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: